Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылға жұмыс істеуге барған жас мамандар мемлекетке 36 миллион теңге қайтаратын болды

мұғалім
Фото: regnum.ru

БҚО-да ауылға жұмыс істеуге барған жас мамандар мемлекеттен көмек алып, бес жылдық міндеттемесін орындамай жұмыстан шығып кеткен. Енді олар алған 36 миллион теңге қайтаруға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға БҚО-дағы Жәнібек ауданында болған. Прокуратура бұл жағдайды ауылға барған мамандарға мемлекет бөлген қаржының мақсатты жұмсалуын тексеру кезінде анықтаған. Белгілі болғандай, мемлекеттік қолдау алған кейбір азамат бес жылдық еңбек міндетін толық өтемей, жұмыстан кеткен. Бірақ олар мемлекеттен алған ақшасын қайтармаған.

Осыдан кейін прокуратура қарызды өндіру үшін сотқа жүгінген. Сот мамандардан мемлекет пайдасына жалпы 36 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Қазір бұл қаражатты мәжбүрлі түрде қайтару жұмыстары басталған. Сот шешімдерін орындау үшін құжаттар сот орындаушыларына тапсырылған.

Еске салсақ, бұған дейін депутат Қазақстанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен барған 9 мыңнан астам маман ауылдан кетіп қалғанын айтқан еді.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 06 Қараша, 2026 09:45