Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда жер сілкінісінен 280 адам қаза тапты

Ауғанстанның Пактика және Хост провинцияларында жер сілкінісінен 280 адам қаза тауып, 600-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bakhtar агенттігіне сілтеме жасап. 

Билік өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендерді эвакуациялау үшін зілзала болған аймақтарға тікұшақтар мен жедел жәрдем көліктері барды.

Америка сейсмологтарының мәліметінше, 6,1 балдық жер сілкінісі таңсәріде 51 шақырым тереңдікте болған.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қираған үйлерді, көшелерде шашылып жатқан сынықтар мен үйінділерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады.

Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді.

Соның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар.

Америка сейсмологтарының мәліметінше, зілзала Ауғанстан астанасы Кабулда және Пәкістанның астанасы Исламабадта да сезілді.

 


 

Талқылау