Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен кем дегенде 13 адам опат болды
21 наурызда Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 13 адам көз жұмды. Ел билігі опат болғандар саны өсуі мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.

Жер сілкінісі еліміздің 5 аймағында, сонымен қатар Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілген. Магнитудасы 6,5 балға тең жерасты дүмпуінен Ауғанстан мен Пәкістанда ғимараттар зақымдалып, топырақ көшкіні жүрді.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, эпицентрі Джурм қаласынан 40 шақырм жерле Гиндукуш таулы аймағында тіркелген.
Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Шарафат Заман Амардың сөзінше, елде 4 адам көз жұмып, кем дегенде 70 адам жарақат алған. Алайда зардап шеккен ауылдарға құтқарушылар жете алмай жатыр екен. Сондықтан құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.
Пәкістанда жер сілкінісінен 9 адам көз жұмды, оның 2-і балалар. Тағы 44 адам жарақат алған.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп