Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)

Алматыдағы М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алмақ болған жерінен ұсталды. Желі арқылы тарап кеткен бұл ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook-те Ерлан Біләлдің пара алмақшы болған кездегі суреттерін жариялап, ақпараттың растығын сұрады.

“Былтыр “Рухани жаңғыру ” жылы болды. Биыл “Жемқорларды жою” жылы болсын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жастар одағы премиясының лауреаты, “Құрмет” ордені мен Бауыржан Момышұлы атандағы “Намыс” орденінің кавалері Ерлан Біләл “Гос Закуп” үшін 1000000 (Бір миллион) теңге пара алып ұсталды деп ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас ақпарат екенін қайдам? Өмір бумеранг ! Былтыр Тұңғышбай ағамыздың тарапына біраз ауыр сөздер айтқан еді. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпарат береді деген үміттемін. WhatsApp арқылы тарап жатқан мына ақпарат қаншалықты рас?” – деп бөлісті ол.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растады. М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болған.

Театр директоры кінәсін толық мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызының әкесі Қозы мен Баян хикаясын сынағандарға дәлелмен жауап берді

Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік медальмен марапатталды

Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)

 

Талқылау