Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуелбекованың тобында ән салатын қыз Томиристің жас кезін сомдайтын болды

Ақан Сатаев тарихи “Томирис” фильмінде басты рөлді сомдайтын актерлерге іріктеуді аяқтады. Режиссер сақ патшайымының рөліне қыздарды таңдау барысында олардың біліміне емес, талантына мән берген ұқсайды. Себебі басты рөлдегі Альмира Тұрсының мамандығы – психолог.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, Томиристің 15 жастағы кезін сомдайтын актрисаның кім екені белгілі болды. Ол жуырда ғана Мөлдір Әуелбекованың “Nazar” тобына қабылданған Салтанат Серкебаева.

“Мінекейіңіздер жаңалық! Ақан Сатаев ағамыздың тарихи “Томирис” туындысына басты рөлге іріктеу аяқталды! Мен үшін еселенген қуаныш! “NAZAR” тобының мүшесі Серкебаева Салтанат Томиристің жастық шағын сомдауға бекітілді! Салтошым менің сәттілік серігің болсын! Анаңды, бізді, халқыңды өнеріңмен қуанта бер! Ұжымға біздің ұжым атынан сәттілік тілейміз!” – деп бөлісті Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Қуырылған жұмыртқа мен шұжық: Алагөзов фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын айтты

Меруерт Өтекешева: Құманымды ардақтаған Алаш жұртына ризамын

Жартылай жалаңаш суретке түскен Баян Алагөзованың кіші қызы жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Ерке Есмахан сүйіктісінен алған гүл шоғын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау