Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық ер адам 12 жастағы қызды темекіге жұмсап, ернінен сүйдірмек болған

қыз ер адам зорлық
Фото: magnific.com

Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қыздың ата-анасы мәлімдеді. Олар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, полицияға арыз жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға жексенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Мектеп оқушысы ойын алаңынан үйіне қайтып келе жатқанда, оған бейтаныс ер адам жақындаған. Жақындарының айтуынша, егер қыз қашып құтылмағанда, оқиға жыныстық зорлық-зомбылықпен аяқталуы мүмкін еді. Олардың сөзінше, ер адам мас болған.

Қыздың анасы Балаусаның айтуынша, ер адам қызды қорқытып, айқайлап, өзін өте агрессивті ұстаған.

“Қыздан алкоголь сатып әкелуді талап еткен. Қызым "жақсы, тек мені жібере салыңыз, дүкенге бірге барайық" деген. Ол дүкеннен көмек сұраймын деп үміттенген. Олар тоқтаған сәтте ер адам қыздан ернінен сүйуді талап етіп, өзіне қарай тарта бастаған. Сол кезде қызым оның желкесіндегі шашынан ұстап қалған. Сол сәтте қыз қашып құтылып үлгерген”, – дейді анасы.

Қызынан болған жайды естіген ата-анасы бірден полицияға арызданған. Осы оқиғадан кейін қыздың үйден жалғыз шығуға қорқатынын айтады.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін астаналық қыз өзін белгісіз ер адам зорламақ болғанын айтқан еді. Жәбірленушінің анасы қызы жұмысқа бара жатқан кезде белгісіз ер адам жыныстық сипаттағы әрекет жасау мақсатында артқы жағынан келіп, қатты қысып ұстап, оған күш қолдануға әрекеттенгенін айтты. 

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Тамыз, 2026 08:35