Алматы облысында сотталушы соңғы сөзін айта алмағандықтан, үкімнің күші жойылды
Алматы облысында сотталушы соңғы сөзін айта алмағандықтан, үкімнің күші жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, кассациялық сот Алматы облысы тұрғынының сотта соңғы сөз айту құқығы бұзылғандықтан, оған шығарылған үкімнің күшін жойды.
Бірінші сатыдағы сот ер адамды есірткінің заңсыз айналымы үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Апелляциялық алқа бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Істі зерделеу барысында прокурорлар сотталушының денсаулығының нашарлауына байланысты сот жарыссөзіне қатыспағанын және соңғы сөзін айта алмағанын анықтаған.
Бас прокуратура бұл жағдайды қорғану құқығын елеулі түрде бұзу деп бағалады.
"Сотталушының сот жарыссөзіне қатысу және соңғы сөзін айту құқығы – әділ сот талқылауы үшін міндетті талап", – делінген хабарламада.
Прокурордың қорытындысы бойынша, кассациялық сот үкім мен апелляциялық қаулының күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.
Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда қылмыстық рақымшылық аясында қанша сотталушының бостандыққа шыққанын айтып берген еді.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)