"Сұмдық кадрлар": Атырауда балабақша тәрбиешілері бір жасар балаға қатыгездік көрсетті деп айыпталды
Атырау тұрғыны қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде бір жасар ұлына қатыгездік көрсетілгенін мәлімдеді. Әйел баласының денесіндегі жарақаттар мен бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көргеннен кейін дереу полицияға жүгінгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің айтуынша, видеолардан тәрбиешілердің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынас жасағанын, оны қолынан жұлқылап, жерге лақтырып, қараусыз қалдырғанын көруге болады.

Анасының сөзінше, баланың денесінде қолтық тұсындағы ісіну, тістің іздері, құлағындағы тырналған жарақаттар және басқа да дене жарақаттары анықталған.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
"Аталмыш жағдайға қатысы бар барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында балабақшада жарақат алған 3 жасар қыз мүгедек болып қалғаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен