"Ренішім жоқ": Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына неге бармады
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тойға шақырту алмағанына ешқандай реніші жоқ екенін айтып, әр адамның өз қуанышына кімді шақыратынын өзі шешетінін жеткізді.
“Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін!” – деді Айгүл Иманбаева.
Сонымен қатар әнші әлеуметтік желіде өздері туралы түрлі әңгіме қозғап, араларына жік салуға тырысудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
“Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. “Кезінде құшақтасып жүрдіңіздер ғой” деп мін іздеудің де керегі жоқ. Иә, өмірдің ол кезеңдерінен де өттік, өту керек болды. Әркім өзінің өтетін жолын, өз уақытында өтеді. Бұл тақырыпты осымен жапқанымыз дұрыс болар. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін”, – деді ол.
Айгүл Иманбаева осылайша Алтынай Жорабаевамен арада ешқандай өкпе-реніш жоқ екенін айтып, әріптесіне және оның отбасына ақ тілегін жолдады.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтың қызының тойына неге шақырылмағанын түсіндіргені хабарланған еді.
Әншінің айтуынша, бастапқыда қыздары әкелерімен араласып, жағдайын сұрап тұрған. Алайда уақыт өте байланыс сиреген. Сондай-ақ ол тойға Сәбит Әбдіхалықовтың неге келмегеніне қатысты пікір білдірді.
“Бәрін Әлішер өзі ұйымдастырып, қыздарды қанатының астына алып отырғанда, Сәбит биологиялық әкесі екен деп оны Әлішер жайған дастарханның төріне шығара алмаймын. Мен үшін Әлішердің сезімі маңызды”, – деді ол.
Алтынай Жорабаева қазіргі жолдасы Әлішердің қыздарына әкелік мейірім көрсеткенін де атап өтті.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
