Альпинист достарының қар көшкінінің астында қалғанын білген соң көз жұмды
Орталық Азиядағы Броуд-Пик шыңына көтерілу кезінде достарының қар көшкіні астында қаза тапқанын естіген альпинист Валерияның жағдайы күрт нашарлап, инсульттан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік тегі және Ресей мен АҚШ-тың қос азаматтығы бар альпинист Валерия Орталық Азиядағы Броуд-Пик шыңына көтерілу кезінде достарының қар көшкіні астында қаза тапқаны туралы хабарды естігеннен кейін өзін жайсыз сезінген.
Қайғылы экспедиция құрамында АҚШ, Қытай, Пәкістан, Оман және Непал азаматтары болған. Топқа әлемге танымал непалдық альпинист әрі блогер Нирмал Пурджа (Nimsdai) жетекшілік еткен. Қар көшкіні 8051 метр биіктікте жүрген кезде топпен байланыс үзілген.
Нирмал Пурджа 2019 жылы Project Possible жобасы аясында жер шарындағы барлық 14 сегіз мыңдық шыңды небәрі 6 ай 6 күнде бағындырып, әлемге танылған. Оның жетістігі туралы Netflix-тің "14 шың: Мүмкін емес ештеңе жоқ" деректі фильмі түсірілген.
Биыл мамыр айында Валерия Эверест шыңына сәтті көтерілген еді. Бұған дейін оның денсаулығында, нақтырақ айтқанда жүрегіне байланысты шағымы болған. Басылымның мәліметінше, әлемдегі ең биік шыңға шыққанға дейін 382 күн бұрын ол инсульт алып, кейін сауығып, Эвересті бағындырған.
2026 жылдың шілде айында Нирмал Пурджа (Nimsdai) бастаған топ Броуд-Пик шыңында қар көшкініне тап болды. Бірнеше күннен кейін Пәкістан билігі экспедицияның барлық 10 қатысушысының қаза тапқанын растады.
Кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
