Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты – БАҚ
Бурятияның Муй ауданына қарасты "Ирокинда" кенішінде қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей ТЖМ мәліметінше, технологиялық жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде барлығы тоғыз адам болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерген, алайда алтауы қар астында қалған.
“Арасында Ресейде тұрып, жұмыс істеген шетелдік азамат болған. Ол – Қазақстан Республикасының азаматы. Қалғандары ресейліктер”, – делінген құқық қорғау органдарындағы дереккөзде.

Қаза тапқан алты адамның барлығының денесі табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Қазір Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себебі құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылып, салдарынан екі немесе одан да көп адам қаза тапқан.
Қазақстандық үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік алып берді (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады