InEco Fest 2026-ға маршрутыңыз: Өтіп кетуге болмайтын 11 аялдама
Қалдықтарды сұрыптауды үйреніп, өз қолыңызбен өсімдік отырғызып, ғылыми тәжірибелерге қатысып, экология туралы жаңа білім алғыңыз келе ме? Онда 7 тамыз күні Алматыдағы Бас Ботаникалық бақта өтетін InEco Fest 2026 фестиваліне келіңіз. Ұйымдастырушылар әр жастағы қонақтарға арналған 11 тақырыптық алаң әзірлеп, табиғат, ғылым және шығармашылықты бір күнде тоғыстырмақ.
Фестиваль бағдарламасы әрбір келуші, жасына қарамастан, жанына жақын іс таба алатындай етіп құрылған. Мұнда қатаң маршрут пен дұрыс реттілік жоқ. Біреу күнін дендрарий бойынша экскурсиядан бастаса, біреу ғылыми эксперименттерге барады, ал біреу бірінші кезекте флористика бойынша шеберлік сыныбына соға кетеді.
Биыл фестиваль үшінші рет өтеді. Оның тұрақты ұйымдастырушылары "Шеврон" компаниясымен серіктестікте ITeachMe қоғамдық қоры мен Ботаника және фитоинтродукция институты болмақ. Бірнеше жылда InEco Fest жаңа қалалық бастамадан экологияны, ғылым мен инклюзияны біріктіретін үлкен отбасылық іс-шараға айналды.

ITeachMe қорының PR-менеджері Әмина Ғабитова айтқандай, Алматы Ботаникалық бағы осындай іс-шара үшін таптырмайтын орын болып шықты. Ол балалары бар отбасылар, аға буын өкілдері және денсаулығының әртүрлі ерекшеліктері бар меймандар үшін бірдей ашық. Фестиваль өтетін күні оның 11 алаңы 11:00-ден 15:30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Бірнеше сағат ішінде қонақтар ондаған шеберлік сыныптары мен дәрістерге қатысып қана қоймай, сонымен қатар, табиғат, білім және бір-біріне деген құрмет бірдей маңызды үлкен қалалық қоғамдастықтың мүшесі бола алады.

- №1 аялдама. Инклюзивті қоғам
- №2 аялдама. Экологиялық өмір салты
- №3 аялдама. Орнықты қала
- №4 аялдама. Флористика
- №5 аялдама. STEAM ғылыми орталығы
- №6 аялдама. Шығармашылық шеберханасы
- №7 аялдама. Терезе алдындағы бақ
- №8 аялдама. Шағын сахна
- №9 аялдама. Кітаптар, саяхаттар және жаңа білім
- №10 аялдама. Қайырымдылық жәрмеңкесі
- №11 аялдама. Көрмелер мен экскурсиялар
Кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді