Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

activ "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды

activ бренді Sony Pictures студиясының "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды. 5 тамызда фильмнің премьерасы қазақстандық жұлдыздар мен фильмнің жанкүйерлері қатысқан арнайы көрсетілім аясында өтті. Бірлескен науқан жылдың ең көп күткен кинотуындыларының бірін және  миллиондаған адамның күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын жылдамдық ұғымын тоғыстырады.

Жылдам мобильді интернет жақындармен үнемі байланыста болуға, бейнелерді кідіріссіз көруге, нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге, білім алуға және әсерлермен бөлісуге мүмкіндік береді. Сондықтан жылдамдық activ пен Sony Pictures бірлескен науқанының басты идеясы ретінде таңдалды.

Мұндай серіктестіктің орнауы кездейсоқ емес. Тәуелсіз Ookla Speedtest Intelligence зерттеуінің 2026 жылдың бірінші және екінші тоқсандары бойынша деректеріне сәйкес, Kcell мобильді желісі Қазақстандағы ең жылдам желі деп танылды. Компания 72,35 Speed Score™ көрсеткішіне қол жеткізіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша елдегі мобильді операторлар арасында ең жоғары нәтижені көрсетті.

Зерттеу Қазақстан бойынша 124 463 пайдаланушы жүргізген 1 396 593 жылдамдық тестінің нәтижелерін талдау негізінде жасалған. Бұл деректер мобильді интернетті пайдаланудың нақты тәжірибесін көрсетіп, Kcell-дің мобильді деректерді беру жылдамдығы бойынша көшбасшылығын растайды.

"Біз бүгінгі өмірде жылдамдықтың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсететін науқан жасағымыз келді. Сондықтан Sony Pictures компаниясымен серіктестік біз үшін орынды қадам болды", – деді "Кселл" АҚ Стратегиялық даму және талдау жөніндегі бас директоры Даурен Шайхин.

"Өрмекші-адам" франшизасы жиырма жылдан астам уақыт бойы әлемдік кинематографиядағы ең табысты жобалардың бірі болып келеді. Жаңа фильм өмірінің келесі кезеңіне қадам басқан, жаңа сынақтарға тап болып, жауапкершілік пен алға ұмтылысты таңдаған кейіпкердің оқиғасын жалғастырады.

Серіктестік аясында activ пен Sony Pictures Қазақстанда "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің прокатқа шығуына орай бірқатар бірлескен промо-белсенділіктер өткізеді. Фильмнің жаппай көрсетілімі бүгін басталады. 

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 06 Тамыз, 2026 11:37