Атырауда қаскөйлер жас жігітті зиратқа апарып, арматурамен сабаған
Атырауда екі жігіт ақша үшін адам ұрлап, оны зират басына апарып қорлаған. Қылмыскерлер жәбірленушіден 600 мың теңге беруін талап еткен, – деп хабарлайды ATPress.kz өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жантүршіктірерлік оқиға 4 қаңтарда болған. Жасы 28 және 31-дегі екі жігіт 1990 жылы туған азамат Н.-ды ВАЗ көлігіне күштеп отырғызған. Қаскөйлер оны зират басына апарып, әбден арматурамен ұрып, 600 мың теңге беруін талап еткен. Кейін көшеде тастап кеткен.
Полиция қаскөйлердің кім екенін анықтады. Олар Атырау қаласының бұрын сотты болған тұрғындары. Олардың теріс діни ағым ұстанушылар екені де анықталды.
Жіберіп алмаңыз:
Жіпті тартқанда көлік жарылды: Алматы облысында бизнесменге қастандық қалай жасалды
ШҚО-да құлаған қарағайдың астында қалған ер адам көз жұмды
Алматы облысында балабақша тәрбиешісі бастығының кесірінен өзіне қол жұмсамақшы болды
Алматы облысында қылмыскердің түсіне өзі өлтірген ағасы кіріп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген