Атырау облысында үйіне кіре алмаған балалар полицияға хабарласып, анасын құтқарып қалды

Құлсары қаласында балалар полицияға уақытылы жүгініп, өз аналарының өмірін аман алып қалды. Тәртіп сақшылары әйелді пәтерде ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 сәуір күні шамамен сағат 20:30-да Құлсары қаласында аулада ойнап жүрген балалар полицияға хабарласып, пәтерге кіре алмай тұрғандарын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлерге көршілер пәтерден қатты газ иісі шығып жатқанын жеткізген.
Жағдайды қауіпті деп бағалаған тәртіп сақшылары есікті бұзып кіру туралы жедел шешім қабылдады.
Пәтер ішінде ес-түссіз жатқан 47 жастағы әйел табылды. Уақыт оздырмай, полицейлер оны қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізді.
ОқыңызТексеру барысында пәтердің асүйінде газ плитасының конфоркалары ашық қалып, соның салдарынан газ шыққаны анықталған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, апаттық газ қызметін шақырған. Қазір дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты