"Айналайын, келе ғой…" Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада адасқан 3 жасар баланы тапты

Абай облысының Ақсуат ауданында полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді аман-есен тауып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 8 сәуірде болған. Балақай байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең жақындары оны өз күштерімен іздей бастағанымен, сағат 11:00 шамасында полиция көмегіне жүгінген.
Осыдан кейін іздеу жұмыстарына барлық қажетті күш жұмылдырылды. Полицейлер уақыттың әр минуты маңызды екенін ескеріп, далалық аумақты жіті тексерген.
Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды. Ол елдімекеннен алыс жерде жалғыз жүрген.
Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға:
“Айналайын, келе ғой…” – деп тіл қатады.
Сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Қуанышқа орай, ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Атырауда мерекелік шара кезінде 80-ге жуық бала жоғалып, оларды полиция тауып, қараған (видео)
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар бала аман қалу үшін шалшық су ішіп, айдалада түнегені хабарланған еді.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр