Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды
Фото:Спортты дамыту дирекциясы/Алматбек Аманбек
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грек-рим күресінен 72 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаимен күш сынасты.
Ақтық сында отандасымыз Иран балуанынан айласын асырып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл – Қазақстан қоржынына түскен чемпионаттағы бірінші алтын жүлде.
Айта кетейік, бұған дейін 87 келіде бақ сынаған Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
