Атырауда мерекелік шара кезінде 80-ге жуық бала жоғалып, оларды полиция тауып, қараған (видео)

Атырауда Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалған. Оларды полиция қызметкерлері тауып, жақындарына тапсырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Исатай-Махамбет алаңында өткен шара кезінде болған. Сол сәтте 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Полицейлер оларды жедел тауып, заңды өкілдеріне аман-есен тапсырды. Балалардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей табылған.
Бір жасөспірімді шамамен үш сағат іздеген. Ал тағы бір жағдайда 7 жастағы бала ата-анасынан адасып, өз бетімен анасының жұмысына барған. Оны бейнебақылау камералары арқылы тауып, анасына тапсырған.