Таразда мектеп аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
Тараздағы мектеп оқушысы №40 гимназия аумағында биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі “Абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

БАҚ хабарлауынша, 10-сынып оқушысы ғимараттың сыртында орналасқан өрттен қашу жолына шыққан. Бейнебақылау камераларының жазбаларында жасөспірімнің баспалдақ қоршауында отырғаны, бірақ содан кейін тепе-теңдігін жоғалтып, құлап түскені көрсетілген.
Құлағаннан кейін оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған ауыр жарақаттар диагнозын қойды: ми жарақаты, оң жақ сан сүйегінің сынуы, бұғана сүйегінің сынуы және ішкі мүшелерінің жарылуы. Жасөспірім жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап жатыр.
Қазақстан паспорты несімен тартымды: Еліміздің азаматтығын алған танымал тұлғалар кімдер
Табысты кәсіпкерлер мен кәсіби спортшылар мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бір құралы саналады
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген