Ресей Қазақстан мұнайын Германияға жеткізуді не себепті тоқтатқанын түсіндірді

Ресей "техникалық мәселелерге" байланысты "Дружба" құбыры арқылы Германияға Қазақстан мұнайын жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мүддесі қарастырылатынын айтады.
"Шешім техникалық мәселелерге байланысты, бірақ қазақстандық достарымыздың барлық мүддесі басқа бағыттар арқылы қамтамасыз етіледі", – деді ол.
Еске сала кетейік, 21 сәуірде Ресей 2026 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстаннан Германияға "Дружба" құбыры арқылы мұнай экспортын тоқтатуды жоспарлап отырғаны жарияланды. Олардың айтуынша, Қазақстан мен Германияға түзетілген жеткізу кестесі жіберілген.
22 сәуірде Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейдің құбыр арқылы Қазақстан мұнайының транзитінің тоқтатылғанын әлі ресми түрде растамағанын мәлімдеді. Дегенмен бейресми дереккөздерге сәйкес, мамыр айындағы жағдай бойынша транзит іс жүзінде тоқтатылғанын айтты.
Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, жылына шамамен 80 миллион тонна мұнайдың шамамен 3 миллион тоннасы "Дружба" құбырына тиесілі. 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,1 миллион тоннаға жетті. Сонымен қатар қазақстандық мұнай Германияның Шведттегі мұнай өңдеу зауытының қажеттілігінің шамамен 20-30%-ын қамтамасыз етеді.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Оқыңыз