Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana жазға дейін Дубайға рейстерін тоқтатты

air astana
Фото: air astana

 

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Билет алып қойған жолаушыларға әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтарып береді. Немесе оны 31 шілдеге дейінгі рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеп, 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты өзгертуге болады.

Әуекомпания қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар ететінін мәлімдеді.

Еске салсақ, Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатқан еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026 12:24