Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҰБТ тапсырмай-ақ тегін оқу мен шәкіртақы": Әскерде борышын өтеген қазақстандық сарбаздар жоғары оқу орнына грант алды

сарбаздар оқуға грант алды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанада әскерде борышын өтеп келген үзік сарбаздарға жоғары оқу орнына тегін грант табысталды. Сарбаздар бұл арқылы ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түседі және жатақхана, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігі 2023 жылдан бері "Сарбаз 2.0" жобасы жұмыс істейтінін еске салды. Бұл жоба әскерде борышын өткерген азаматтарға Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік дайындық үздіктеріне сонымен бірге жатақханадан орын беріледі және шәкіртақы төленеді.

Мұнда "Сарбаз 2.0" цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік грантқа үміткерлер іріктеледі.

“Бұған дейін "Көктем–2025" әскерге шақыру шеңберінде – 18 мыңнан астам адам грант алды. Іріктеу қорытындысы бойынша білім гранттары былайша бөлінді: Қорғаныс министрлігі – 492 орын, Ұлттық ұлан – 493 орын, ҰҚК Шекара қызметі – 112, Төтенше жағдайлар министрлігі – 28 орын, Мемлекеттік күзет қызметі – 29 орын.

Қазіргі кезде "Сарбаз 2.0" жобасы әскери қызметкерлерді қолдаудың тиімді құралына айналып, әскердегі қызмет жастарға білім беру, кәсіби өсу және сенімді болашақ үшін нақты мүмкіндіктер ашатынын дәлелдеп отыр”, – делінген ведомство хабарламасында. 

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков биылғы запастағы әскери қызметкерлерге жоғары оқу орындарында білім алуға арналған сертификаттарды тапсырды. 

Грант иегерлерінің қатарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға жолдама алған алған кіші сержант Бейбарыс Хасен де бар. 

“Мен үшін бұл әскерде жеткен басты жетістігім. Командирлерім мен жақындарымның қолдауы үшін алғысымды айтамын”, – деді ол.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026 11:27