Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жоғалту қаупі туралы ескертілді

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры желіде зейнетақы жинағын алып беруге көмектесетін делдалдық қызметке қатысты сақ болуды сұрайды. Себебі аталған қызметті ұсынатын алаяқтар пайда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқтар ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып береміз деген жарнама жасайды. Содан соң алдын ала төлем жасауды талап етеді.
Алайда біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі екен.
Сондай-ақ мұндай схемалар жеке дерек қауіпсіздігіне де нұсқан келтіруі мүмкін. Себебі алаяқтар мәліметтерді өзге алаяқтыққа пайдалана алады.
“Зейнетақы жинақтарын Әлеуметтік кодексте көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Ең алдымен ол – зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2-топ мүгедектігінің белгіленуі, Қазақстан аумағынан тыс кету, мұрагерлік”, – делінген хабарламада.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатында алуға заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:
-
ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар;
- зейнетақысы жоғалтқан табысының кемінде 40%-ына тең зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50%-ына дейін пайдалана алады;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100%-ына дейін);
- зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100%-ына дейін).
ОқыңызЗейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктерге жүгіну керек. Яғни делдалдық қызметтер қажет емес.
БЖЗҚ сауалдарды мына жерден алуға кеңес береді:
-
enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы;
-
байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp;
-
БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты