Қазақстан Жеңіс күнін қалай атап өтеді – Қорғаныс министрлігі жауап берді
Биыл Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді. Дегенмен, 7-9 мамыр күндері мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабековтің айтуынша, мерекелік іс-шаралар әскери техника мен қару-жарақ көрсетілетін плац-концерттер форматында өтеді. Сонымен қатар дала асханалары ұйымдастырылады. Онда келушілерге сарбаз ботқасы ұсынылады. Іс-шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері де шақырылады.

“Бұл шараларға қаржы бөлінбейді. Оны жергілікті органдар ұйымдастырады”, – деді ол.
Әр қаладағы мерекелік бағдарламалар туралы толық ақпарат мерекеге жақын уақытта жарияланады дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеген еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"