Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Allur экологиялық таза өндірісті дамытудың жаңа моделін әзірлеп жатыр

аллюр

Астанада RES 2026 EXPO көрмесі өтіп жатыр. Іскерлік бағдарламаның негізгі бағыты – климат, энергетика және ресурстарды басқару. Осыған байланысты экологиялық трансформацияның бір бөлігі ретінде өнеркәсіп салаларына, соның ішінде автокөлік секторына ерекше назар аударылып отыр.

Автокөлік секторы шығарындылардың негізгі көзі болып қала береді. Алайда қазіргі үрдіс оның әсерін бағалаудан гөрі нақты шешімдерді енгізуге көшкен. Бұған электркөліктерді әзірлеу ғана емес, өндірістік процестерді қайта қарастыру да кіреді.

Қазақстанда бұл өзгерістер іс жүзінде көрініс таба бастады. Өндіріс орындарында шығарындыларды бақылау және қалдықтарды басқару сынды қоршаған ортаны бақылау жүйелері енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, Allur зауытында ластаушы заттар мен парник газы шығарындылары үнемі бақыланады, ал өндірістік қалдықтар, оның ішінде химиялық қалдықтар, қайта өңдеуге және жоюға жіберіледі. 2025 жылдың соңына қарай шығарындылар шамамен 7209 тонна CO₂ эквивалентіне тең болды.

Сонымен қатар нарықтың өнім құрылымы өзгеріп жатыр. Қазақстанда электрлі көлік сегменті өсіп келеді және мұндай шешімдерді локализациялау – саланың жаңа даму кезеңі. Мысал ретінде Allur зауытында гибридті Geely Galaxy EX5 EM модель өндірісін айтуға болады, бұл жалпы көміртек ізін азайтуға бағытталған үрдісті көрсетеді. 

Argulan Maikonov

Allur зауытының атқарушы директоры Арғұлан Майконов атап өткендей, саланың экологиялық трансформациясы жүйелі сипатқа ие және барлық деңгейдегі қызметке әсер етеді.

"Бүгінде қоршаған ортаны қорғау күн тәртібі өндірістік процестерге толық енгізілген. Бұл – шығарындыларды бақылаудан бастап жаңа өнім шешімдерін әзірлеуге дейінгі кешенді күш-жігер. Біз үшін бұл бөлек бағыт емес, жалпы стратегиямыздың бөлігі", – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, саланың одан әрі дамуы компаниялардың технологиялық жаңғыртуды тұрақты даму талаптарымен үйлестіре алуына тікелей байланысты. Осыған байланысты RES 2026 EXPO тек талқылау алаңы емес, сонымен қатар нақты шешімдер мен серіктестіктер қалыптастыратын механизм ретінде маңызды рөл атқарады.

Көрме аясында қоғамның экологиялық күн тәртібіндегі рөліне де ерекше көңіл бөлініп жатыр. Атап айтқанда, ерікті бастамалар экологиялық мәселелерді шешудің және азаматтарды тұрақты даму үдерістеріне тартудың тиімді құралы ретінде қарастырылып жатыр. Бұл тақырып халықаралық деңгейдегі үрдістермен де үндес. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Еріктілер жылы деп жариялады, ал Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділіктің маңызын бірнеше рет атап өткен еді.

Allur

Бұл үрдіс корпоративтік секторда да көрініс таба бастады. Мысалы, Allur қызметкерлерді әлеуметтік және экологиялық жобаларды біріктіретін "Еңбек жастары" бастамасын қолға алды. Алғашқы жоба – Қостанай облысында ағаш егу. Қатысушылар бұл бастамаға өз қаржысын салуды жоспарлап отыр. Компания мұндай жобалар өндірістік бағытты толықтырып, экологиялық мәселелерді шешуге көмектесетінін жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратынын атап өтті.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026 11:53