Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында құбыр жарылып, 30 тонна бензин төгілді (видео)
Атыраудағы мұнай-газ өңдеу зауытында апат болды. Өндіріс аумағында ақау шығып, жанармай жан-жаққа төгілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Сарылдап аққан жанармай біраз аумаққа жайылған. Әлеуметтік желіге таралған бейнежазбадан кейін кәсіпорын ресми ақпарат берді. Зауыттағылар жер астындағы құбыр жарылды дейді. Қазір ол резервуардан ажыратылған.
Өндіріс аумағына 20-30 тонна шамасында жанармай төгіліпті. Дегенмен ақау жойылып, зауыт баз қалпында жұмыс істеп тұр деп сендірді. Ал төгілген жанармайды кері сорып алып, қайта өңдеуге жіберген көрінеді. Қазір арнайы құрылған комиссия ақаудың себеп-салдарын анықтауға кірісті.
“Жарылған құбырды таптық. Жердің астында жатқан. Қазір жөнделіп жатыр. Жердің астынан қазып,таптық. Не жағдай болғанын комиссия анықтайды”, – деді АМӨЗ директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Есжанов.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"