Атырауда көкек ана сәбиін тастап кетті
Атырауда кәріз коллекторының маңына тастап кеткен жаңа туған нәрестерің өмірі үшін дәрігерлер өліммен арпаласуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласының тұрғыны 15 қаңтар күні Авангард ықшам ауданындағы кәріз коллекторының үстіне тұрғызылған күркенің жанында жылап жатқан нәрестенің даусын естиді. Жақындап барса расымен де әлдебіреу сәбиді сол маңға қалдырып кетіпті. Азаматша баланы үйіне апарып, жедел жәрдем қызметін шақыртады.
"Оқиға шынымен де болған. Жаңа туған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер қолдарынан келгенше тырысып бағуда", - деп деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”