Қазақстандық әйел жүргізуші куәлігі жоқ жігітті қуған полицейлерге кедергі жасады (видео)
Фото: Видеодан скрин
Атырау облысында полиция жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған 18 жастағы жігіттің соңына түсті. Алайда 57 жастағы әйел полицияны бөгеп, жігітке ізін суытуға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 наурызда Атырау облысы Исатай ауданында 18 жастағы жігіт Lada Priora көлігімен полициядан қашқан.
“Жүргізуші ұсталды. Кейін оның тіпті жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды. Құжатсыз көлік басқарып, құқық қорғау органдарының талабына бағынбағаны үшін сот оған 10 тәулікке қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ 57 жастағы әйел полицияның жолын бөгеп, қақпаны жапқаны үшін жауапқа тартылды. Ал көліктің иесі жүргізуші де куәлігі жоқ адамға автокөлікті басқаруға бергені үшін жазаланды.
Құқық бұзушылық жасаған 18 жастағы азаматтың оқу орнына профилактикалық шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолданған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған