Атырауда 4 жасар бала балабақшадағы cептикке құлап көз жұмды
Атырауда жекеменшік балабақшаның кәріз құдығына құлап кеткен 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: wrm.kz
Полиция басқармасының мәліметінше, кішкентай баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланған жоқ.
Мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылы туған бала қараусыз қалып, кәріз құдығына құлап кеткен. Оны балабақша қызметкерлері өздері шығарып алған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.
Айта кетейік, бұған дейін 5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапқан еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”