Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 4 миллион теңгеге салынған аялдаманы сындырып кеткен бұзақы іздестірілуде

24 қараша күні түнгі уақытта Атыраудағы базарлардың бірінің маңында орналасқан аялдаманы таспен бірнеше рет ұрып, терезесін сындырып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

остановка

Қаланың қақ ортасындағы аялдама қазір терезесіз тұр. Бүгін қалада қар борап, жаңбыр жауғандықтан, тұрғындар қоғамдық көлікті аялдамада емес, жол шетінде күтуге тура келген.

Бұзақы аялдаманың терезесін шағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның не үшін қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгісіз.

"Атырау облыстық полиция департаменті аялдаманы сындырған азаматты іздеп жатыр. Тұрғындарды қоғамдық мүлікті, аялдамаларды ұқыпты ұстауға шақырамыз, - дейді Атырау қалалық полициясының баспасөз қызметі.

Бейресми деректор бойынша, бұл аялдаманың құны - 4 млн теңгеге жуықтайды. Қала бойынша осындай 23 аялдама орнатылған.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 24 Қараша, 2021 17:57