Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 13 жастағы жасөспірімге қатарласы әлімжеттік жасаған: Полиция тергеу бастады

Атыраудағы орта мектепте 13 жастағы жасөспірімнің құрдасына әлімжеттік жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: pixabay.com

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 12 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 шамасында болған.

"Атырау қаласындағы №42 мектепте 2011 жылғы жасөспірімдер арасында өзара келіспеушілік туындаған. Ол сәт білім ордасындағы бейнебақылау камерасына түскен. Видео әлеуметтік желіге де тараған. Аталған дерекке қатысты құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Полицияға жәбірленуші жасөспірімнің әкесінен шағым түсті. Соған байланысты 2011 жылғы жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімі қылмыс жасаған баланың ата-анасын құқығынан айыруды ұсынған болатын.

Талқылау