Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болған
Атырау тұрғыны БРДМ-2 барлау-шолу көлігін сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

12 сәуірде полиция шұғыл ақпарат келіп түскен. Ақпаратты Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тексерген. Іздеу шаралары нәтижесінде 1986 жылы туған азаматтан аталған әскери техника тәркіленді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін¬де бұлтартпау шарасы таңдалған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған