Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды
Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрының ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: 24.kz
Өрт шыққаны жайлы хабар 101 нөмеріне жергілікті уақыт бойынша 14.30-да түскен.
Комитеттің ақпараты бойынша, өрт электр сымдарынан шығып, театрдың шатырына жайылған. Қазір театр аумағы қоршауға алынған. Жергілікті әкімдік өртті 9 техника, 50 өрт сөндіруші сөндіріп жатқанын хабарлады.
Атыраудағы театр – Қазақстандағы ескі өнер ордаларының бірі. Ол 1938 жылы 5 наурызда «Мұнайшы» клубының жанынан ашылған. Жергілікті «Мой город» сайтының жазуынша, театрға күрделі жөндеу жасалып, биыл мамырда қайта ашылған.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы театрдың өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі