Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматы Атырауда жақындарымен қауышты

Атырау полицейлері осыдан 9 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысты ашу және күдіктілерді анықтаумен қатар, із-түссіз жоғалған адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

2011 жылы Атырауға Қырғыз Республикасының екі азаматы киім сатуға келген. Сол жылы белгілі бір уақыт өткеннен кейін азаматтың әпкесі отанына оралуды ұйғарып, екінші әпкесі қалып қойған. 2013 жылы соңғы телефон қоңырауынан кейін оның әпкесімен байланысы 9 жыл үзілген. Осы факті бойынша Атырау облыстық полиция департаменті бастығының жанынан құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматты іздеуге кірісіп кетті. Белгілі болғандай, азамат жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуге бел буған. Бірнеше жылдан кейін туыстары оны өз бетімен іздеуге шешім қабылдады, бірақ нәтиже болмады. Бауырлар  қайта қауышып, қуаныштан көз жастарын тыя алмады.



Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың әпкесі тәртіп сақшыларына жемісті жұмысы үшін және оның отбасымен қауышуына көмектескендері үшін алғысын білдірді. 

"9 жылдан кейін жоғалған жақынымды кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рахмет. 9 жыл бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!" – деді әпкесі көзіне жас алып.

 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 10 Маусым, 2022 13:40
Талқылау