AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында үш жасар бала үйінен 2 шақырым жерге кетіп қалған: Анасы оны байқамаған

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің назарына Шаян-Жамбыл тасжолының бойында жүрген 3 жасар шамасындағы бала іліккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқаған полицейлер, бірден оның қасына келген.  

Бүлдіршіннен оның ата-анасы, үйі қайда екенін сұрағанымен, бала дұрыс жауап бере алмаған.  Осыдан соң тәртіп сақшылары ұл баланы полиция бөліміне жеткізіп, оның жағдайын жасап, тамақ-суын әперген.

“Одан ары ата-анасын табуға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізді. Ауыл аймақтан сұрастырып, әлеуметтік желі арқылы суретін таратып, соның нәтижесінде бір тәулікке жеткізбей ата-анасын тапты. Ата-анасы мен бүлдіршін қауышты”, – делінген хабарламада.   



Анықталғандай, бала өзінің ауласында ойнап жүріп, үйінен 2 шақырым қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Ал анасы оны жақын маңда ойнап жүр деп, бейқам жүре берген. Ұлымен аман-есен табысқан тұрғын полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

"Кішкентай баламды тауып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткендеріңіз үшін алғысым шексіз! Сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілеймін", – деді ол. 

Өз кезегінде облыс полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, барынша сақ болуды ескертеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр