Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электрсамокатпен жол ережесін бұзған блогер айыппұл арқалады (видео)

Блогер мен полицей
Фото: Видеодан скрин

Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзған электрсамокат жүргізушісін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полициясының мәліметінше, жүргізуші полиция қызметкерінің тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Ер адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Өзін блогер деп таныстырған ер адамға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ сот құқық бұзушыны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танып, 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Айта кетейік бұған дейін полиция егер электрсамокат жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмаса, ол тек тек мына жерлерде ғана қозғала алатынын түсіндірген еді:

  • велосипед жолақтарында,
  • велосипед жолдарында,
  • тротуарларда.

Сонымен қатар тротуармен жүрген кезде жылдамдық 6 шақырымнан аспауға тиіс екені бөлек атап өтілді. Айта кетейік Қазақстанда заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, электрсамокаттарға тротуарда жүруге рұқсат беретін норма алып тасталды. Өзгеріс 25 тамызда қолданысқа енеді.

Электрсамокат жүргізушілері жолдың оң жақ шетімен де қозғала алады. Алайда бұл жағдайда олардың жасы 18-ден асқан болуы, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы және қорғаныш шлем киюі міндетті.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қазақстанда электрсамокат жүргізушілеріне тротуармен жүруге тыйым салынатын жаңа заңға қол қойған еді. Заңға сәйкес, 25 тамыздан бастап бұл талапты бұзғандарға 2 АЕК (8650 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 22:56