Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 6 адамды қарақұрт шағып жансақтау бөліміне түсті

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Салдарынан екі адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Индер ауданындағы Есбол ауылында және Исатай ауданында екі адамды қарақұрт шаққан. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Тағы 9 адам облыстық ауруханада емделіп жатыр. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 3 науқас инъекция алды. 

Улы жәндәктен зардап шеккен үш бала балалар ауруханасына жеткізіліп, екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Соңғысының жағдайы қатты ауыр емес. 

Бүгінге дейін қарақұрт 397 түйені шағып алды. Олардың 217-сі ғана ем-домның арқасында тірі қалды. Барлық жануарлардан, оның ішінде өлген малдардан да сынамалар алынып, ветеринариялық зертханаға жіберілді.

“Мұндай жағдайда мал иелеріне облыстық бюджеттен өтемақы төленбейді. Осыған қарамастан жергілікті мал дәрігерлері қарақұрт шаққан үй жануарларын емдейді. Ауыл тұрғындарына қарақұрттар жиі кездесетін жерлерге мал жаймауға деп кеңес береміз. Ал уланған жануарға шұғыл емдеу қажет екенін ескертеміз”, – деді әкімдіктегілер.

Бұған дейін қарақұрттың уынан 63 түйе қырылып қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау