Атамбаевты берілуге үгіттеген шенеунік "сатқындық" үшін қызметінен қуылды
Қырғызстанның ішкі істер министрлігі ведомство басшысы орынбасары Курсан Асановтың неліктен қызметінен қуылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Сурет: news-front.info
ІІМ 7-8 тамыз күндері Алмазбек Атамбаевты қолға түсіру кезінде болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп, Курсан Асановтың көптеген заңбұзушылыққа жол бергенін анықтады.
Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша, қырғыз милициясы мүддесіне сатқындық жасап, оған деген сенім жоғалғаннан кейін ІІМ орынбасары Курсан Асанов қызметінен босатылды. Курсан Асанов Алмазбек Атамбаевты құқық қорғау органдарына берілуге үгіттеген.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық пен кісі өлтірді деген айып тағылып, 26 тамызға дейін қамауға алынғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Атамбаевтың ұлы ашық сұхбат берген болатын.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”