Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін қамауда отырады

8 тамыз күні кешкі уақытта қарулы күштер қолға түсірген Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың 26 тамызға дейін қамауда отыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бішкектің Біріншімамыр аудандық сотына сілтеме жасап. 

Алмазбек Атамбаев

Сот мәліметі бойынша, Атамбаевқа қылмыстық кодекстің 43-бабының 2-бөлігі («Қылмыс жасауға қатысы бар») және 319-бабының 2-бөлігі («Жемқорлық») бойынша айып тағылып отыр. Осы уақыт ішінде Атамбаев ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің изоляторында отырады. 

Сондай-ақ, соттағылар істің 2013 жылы қылмыс әлеміндегі авторитет Азиз Батукаевтың босатылуымен байланысты болып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. Бұдан кейін қырғызстандықтар орталық алаңда митингіге шықты. Желіде оларды милиционерлердің қалай таратқаны туралы видео тарады.  


Тағы оқыңыз >>> "Махаббат заңсыздықтан биік, әлі әділдік орнайды": Атамбаевтың қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті
Талқылау