Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Solidcore Resources штаб-пәтері Оманның мемлекеттік инвесторының қатысуымен Астанада салынады

Оман Сұлтаны Хейсам бен Тарик Әл Саидтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Астанада Muscat Tower бизнес орталығын салу жоспары жарияланды. Ғимарат Solidcore Resources plc штаб-пәтері болмақ. Құрылыс жобасы негізінен Оманның 85% инвестиция үлесіне ие болатын мемлекеттік қоры көмегімен жүзеге асырылады; қалған 15% Solidcore компаниясы есебінен салынатын болады.

Бұл жөнінде Оман инвестициялар басқармасының президенті және Solidcore Resources директорлар кеңесінің төрағасы Абдулсалам Аль-Муршиди мырза:

"Solidcore Resources – Қазақстандағы негізгі активтеріміздің бірі. Астанадағы жаңа штаб-пәтер құрылысына қатыса отырып, біз Компанияның техникалық сараптаманы осында шоғырландыруға және оны Омандағы біздің біліміміз бен құзыреттілігімізбен біріктіруге бағытталған стратегиясын қолдайтынымызды білдіреміз. Оманның инвестициялық мүмкіндіктерімен біріктірілген Қазақстанның техникалық сараптамасы – бизнесті кеңейтуге арналған дайын платформа болып табылады. "Muscat Tower Оман мен Қазақстан арасындағы берік серіктестіктің айқын көрінісі болатынына мен сенімдімін, бұл серіктестікті біз одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - деп пікір білдірді.

Жоба бойынша 9 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 18 мың шаршы метрден асады. Кеңседен бөлек, онда Компания қызметкерлеріне арналған асхана мен спорт залы орналасатын болады. Muscat Tower Қазақстан бас қаласының келешегі зор ауданында қаланбақ. Ғимарат 2029 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.  

"Solidcore Resources компаниясының Астанадағы штаб-пәтерін салу – бұл жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, бұл Қазақстан Компаниямыздың орталығы болып табылады деген ұзақ мерзімді көзқарасымыздың тікелей көрінісі. Muscat Tower бізді стратегиялық акционерімізбен байланыстыратын берік сенімнің символы болады", - деп атап өтті Solidcore Resources бас директоры Виталий Несис.

Омандық мемлекеттік инвестор Maaden International Investment қоры арқылы Solidcore Resources-тың 31,7% үлесіне иелік етеді. 

Solidcore Resources – акциялары АХҚО биржасында (AIX) тізімделген АХҚО-да тіркелген Қазақстандағы жетекші алтын өндіруші. Solidcore портфелінде екі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын және Қазақстандағы ірі даму жобасы бар.

Stan.kz
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 11:06