Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетіп келіп тепкіледі: Желіде Бішкекте митингіге шыққандарды қуып жатқан сәтте түсірілген видео тарады

Әлеуметтік желіде милиция мен қарулы күштердің орталық алаңға жиналғандарды қуып жатқан сәтте түсірілген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қырғызстан сарбаздары

Видеоларды @news.kg Instagram-каналы жариялап жатыр. Кадрлардан қарулы күштердің жиналғандарды соңынан қуып жетіп, ұрып жатқанын көруге болады.

Миллиционерлердің тең жартысының әріптестерін тынышталдыруға тырысып жатқанын көруге болады. Тәртіпсіздіктер кезінде митингіге шыққандар қоқыс бактарын төңкеріп, оларды өртеп жатыр. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар. 

Митингіге шығушылар қуылғаннан кейін Бішкек мэрия аппаратының жетекшісі Балбек Тулобаев Ала-Тоо алаңында ұйықтап жатқан арнайы қызмет сарбаздарының суретін жариялады, деп хабарлайды 24.kg. 

Қырғыз

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда арнайы жасақ жасауылы экс президент Алмазбек Атамбекті ұстамақ болды. Ұстау операциясы кезінде олар резеңке оқ пен өзге де арнайы құралдарды қолданғанын айтты.

Нәтижесінде 48 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алып, бір адам көз жұмды. Енді екінші ұстау әрекеттері жүріп жатқаны белгілі болды. Милиция дыбыс шығаратын гранаталар лақтыруда. Сондай-ақ, президент ұятты жағдай болып жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. 

Талқылау