Атақты Луиш Нани де "Ақтөбеге" көмектесе алмады: Дастан Сәтпаев "Қайратқа" жеңіс сыйлады
Фото:”Қайрат” фк
Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында “Қайрат” өз алаңында “Ақтөбені қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос команда бірінші таймда алма-кезек шабуыл ұйымдастырғанымен, бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Матч барысында “Ақтөбе” қақпашысы Александр Заруцкий өз командасына төнген қауіпті соққылардың бетін бірнеше рет қайтарды.
Екінші таймның ортасында “Қайрат” сапынан Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Ал “Ақтөбе” құрамынан атақты португалиялық футболшы Луиш Нани ойынға қосылды.
Шешуші сәтте Дастан Сәтпаев гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша атақты Луиш Нани де “Ақтөбеге” көмектесе алмады. Айта кетейік, бұл Дастан Сәтпаевтың 2026 жылғы соққан алғашқы голы.
Нәтижесінде турнир кестесінде алматылық клуб 6 ұпаймен көш бастады. Ал “Ақтөбенің” еншісінде әзірге 3 ұпай ғана.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"