"Ата-анаммен бірге тұрады": Димаш Құдайберген болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген көкейде жүрген арманымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/marlenaneska
“Менің болашақ жарым міндетті түрде ата-әжем мен ата-анамның қасында жүреді. Үйде үлкендер бар. Қазыналы үй деп айтып жатады ғой. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Бөлек тұру деген… қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Сол себепті бауырларыммен, ата-анаммен бірге үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек деп армандаймын”, – дейді Димаш Құдайберген.
Бұған дейін өнер иесі болашақта үйленіп жатса, жұбайын көпшілікке көрсетпейтінін айтқан болатын. Оның ойынша, жеке өмір құпия болып қалу керек.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"