Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-анама сөз тигеннен кейін болды": Роза Әлқожа сахнаға шықпаймын деп шешім қабылдағанын айтты

Роза Әлқожа сахнаға шықпаймын деп шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Роза Әлқожа інісінің басы дауға іліккеннен кейін көрінбей кетті. Алайда, өнер иесі Әбдіжаппар Әлқожаның әрекеті үшін емес, өзінің шешімімен уақытша сахнадан кетуге бел байлаған.

"Маған ауыр тиді. Нешетүрлі сөз жазды. Ата-анама сөз тигеннен кейін болды ғой енді. Ары қарай ән салмаймын, шықпаймын деп өз-өзімді шектеп тастадым. Күллі елді жек көріп кеттім, інімді жек көріп кеттім. Сондай бір жағдай болды. Одан кейін қалпыма келдім, өмір бар ғой енді", - дейді Роза Әлқожа.

Қанша жерден Әбдіжаппар Әлқожаны жек көріп кетсе де, өнер иесінің бауырына деген ықылас ы ерекше. Роза Әлқожа дауға айналған мәселенің мән-жайын түсіндірді.

"Әбдіжаппардың мәселесіне байланысты көп адам түсінбей қалды. "Қан араласты" деген сөзді дұрыс қолданбағаны үшін Әбдіжаппар кінәлі болып кетті. Ол бұрыннан қолданылып келе жатқан сөз. Мен күйеуге шығатын кезде де, "қараға бермейміз" деп бүкіл ауыл шулаған. Өздері, бұл қазақтың ескі сөз тіркесі. Мен ойлап тапқан жоқпын. Әбдіжаппар ойлап тапқан жоқ", - деп шағымданды ол. 

Алайда, Роза Әлқожа інісінің кінәсі бар екенін де жасырмайды. Тіпті Әбдіжаппар Әлқожаның өзін ақтап түсірген бейнебаяны да өнер иесінің көңілінен шықпаған. 

"Әбдіжаппардың қателігі абайлап сөйлеуі керек еді. Ойын жинақтап, барынша басқаша жеткізу керек еді. Ол бейнебаян ұнаған жоқ маған. Мен Әбдіжаппардың көп нәрсесін құптамаймын. Хайпер деп оларға мән беру қажет емес шығар", - дейді Роза Әлқожа. 

Талқылау