Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы LRT станциясында түнде өрт шықты: ТЖМ себепті атады

ЛРТ өрт
Фото: Видеодан скрин

Астанада LRT желісінің станцияларының бірінде түнде өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, дәнекерлеу жұмыстары кезінде пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал тұтанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы LRT станциясында түнде шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған.

Ведомствоның хабарлауынша, құрылыс алаңында пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал жанған. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құраған. Жалын өрт сөндірушілер келмей тұрып толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астананың оң жағалауындағы тұрғындар Шәмші Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT желісі аумағынан қою түтін шыққанын байқаған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Еске салайық, Ақтөбеде 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген еді. Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталған. Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 09:45