Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртке оранды (видео)
Фото: ТЖД
Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталған. Өрттің аумағы нақтылануда.
“Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық өшіру бойынша барлық шаралар қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазір 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"