Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы балалар үйінің аспазы басшыларының өз үйіне тамақ дайындататынын айтты

Астана қаласындағы мамандандандырылған балалар үйінің қызметкерлері прокуратура жанындағы консультативтік кеңеске осылай деп шағым түсірді.

28daf52ce552d260e6a2ea57a0c6d132_L

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Шағым Астана қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері мен шаруашылық бөлімінің әкімшісінің атына жазылған. Мекеменің аспаздары мен бірқатар қызметкерлері бас дәрігер мен қойма бөлімінің әкімшісін «қазынаның азық-түлігін талан-таражға түсірді. Өздері ішіп-жегенімен қоймай, үйлеріне тамақ дайындатады. Бас көтеріп шындықты айтсақ, соңымызға түсіп қудалайды», – деп айыптайды.

“Мен өзбасым бастық пен Балашевичқа бір қап балықты бөліп тазалап бердім. Мына халық шырылдап шындықты айт деп отыр. Бізді тыңдайтын ешкім жоқ”, – дейді асхана жұмысшы Нағима Сейітқамалова.

Ал балалар үйінің бас дәрігері Лейла Зәкәриянова қол астындағы қызметкерлерімен келіспейді. Ештеңе алмадым, көрмедім деп отыр. Бірақ санитарлық ережелерді сақтау үшін қатал талап қоятындығын жасырмайды.

“Негізінен коллектив жақсы. Қаңтарда финконтроль тексеріс жасаған. Мен әрине талап еттім. «Олар сіздікі дұрыс емес жазамыз» деді”, – дейді мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Лейла Зәкәриянова.

Консультативтік кеңес мүшелері екі жақты да тыңдады. Істі ушықтырмау үшін қызметкерлерін де, басшыларын да келісімге келуге шақырды. Кеңестің мақсаты да осы. Сыбайлас жемқорлық қылаң беретін жағдайлардың алдын алу.

“Мұндай дерек тіркелетін болса бізге смс хабарлама жіберсін. Біз келіп, деректі тіркейміз. Қандай жаза қолданатындығы тексерістен кейін белгілі болады”, – дейді Алматы ауданы прокуратурасының прокуроры Руслан Пірназар.

Айта кетелік, қазіргі уақытта орталықта 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Басым бөлігінің денсаулығында кінәрат бар. Аспаздар ауру балалардың тамағына ешкім қол сұқпаса екен деп алаңдайды. Егер жағдай қайталанатын болса, прокуратураға арыз түсірмек.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда балалар үйінің бүлдіршіндері директордың өздерін жиі ұратынын айтты

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Шымкенттік полиция сержанты 11 бала тәрбиелеп отыр

Талқылау