Астанада адамдар отырған аттракцион үзіліп кетті: Жас жұптың видеосы қазақстандықтардың үрейін ұшырды (видео)
Әлеуметтік желіде қыз бен жігіттің аттракциондағы видеосы тарады. Бейнежазбадан аттракциондағы сымның кенет үзілгенін байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Қыз бен жігіт аттрауционға отырып, видео түсірмек болған. Бір сәтте қыздың бойын үрей билеп, қобалжи бастайды. Ал бозбала барынша оны тыныштандыруға тырысып бағуда.
Бейнежазбаға аттрацион сымының үзілген сәті түсіп қалды. Артынан аттракционды шұғыл тоқтату дабылы естілді.
Аттракционнан түскен екеуі желіге әткеншектің қандай күйде тұрғанын көрсетті.
@daniil.3927 #аттракционыастана #ветерастана #фейкситуация #перезалив ♬ оригинальный звук - ДаНя
Болған жағдайға қатысты елорданың орталық саябағының әкімшілігі пікір білдірді.
2024 жылғы 13 тамызда сағат 19:20-да қатты соққан жел аттракцион бағанасына бекітіліп, декоративті жарықтандыруға арналған резеңкеленген әлсіз тоқ сымын үзіп кетті. Аттракцион шұғыл тоқтатылды”, – деп мәлімдеді әкімшілік.
@daniil.3927 Ответ пользователю @zxcat66 #аттракционыастана #аварияаттракцион #ветерастана ♬ оригинальный звук - ДаНя
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық