Астанада төрт жасөспірім парк аумағындағы көгалды өртеп жіберген

Астанада Триатлон паркіндегі балалар ойын алаңы өртенді, өртке төрт жасөспірімнің қатысы бар болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 маусымда Триатлон паркінің аумағында таңертеңгі уақытта болған. Өрт сөндірушілер жалынды алты минут ішінде ауыздықтады. Кейін өртке жасөспірімдердің қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Олардың жеке басы анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, таңғы уақытта төрт мектеп оқушысы көгалға от қойған. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғадан соң олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қалалық полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Полиция департаменті ата-аналарға балаларының қайда жүргенін және бос уақытын қалай өткізетінін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді. Ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы құқыққа қайшы әрекеттерге әкеліп, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі және заңда көзделген жауапкершілікке себеп болуы мүмкін”, – деді ведомство.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз