AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құдықтан табылған бала өлімі: Жақындары іздеудің орнына өздерін тергеген полицейлерге ашулы

Астанада тағы бір жеткіншек қыршыннан қиылды. 13 жастағы баланың мәйіті ашық қалған кәріз құдығынан табылған. Еріктілер 3 күн бойы жер-көктен шарқ ұрып іздеген Бақдәулет Өмірханның денесі үйінің жанындағы шұңқырда жатқан.

Белгілі болғандай, жеткіншек тұрған төңіректе жүзден аса ашық құдық бар екен. Марқұм баланың жақындары полицейлер жайбасарлыққа салынбағанда, өлімнің алдын алуға болар еді деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

4 күн бұрын жоғалған Бақдәулетті іздеуге шыққан еріктілер бұл. Қаланың шеті, омбы қар болғандықтан, нақты қанша волонтер бар екенін санап отыруға тура келген. Өйткені беті ашық шұңқырға құлап кету мүмкін еді. Күн күлкісі, түн ұйқысын сарп еткен азаматтар кеше түнде жеткіншектің жансыз денесін ашық қалған кәріз құдығынан тапқан.

Балаға ажал әкелген құдықтың беті қазір жабық тұр. Темірмен емес, бетонмен бірақ бітепті. Жанындағы өзге шұңқыр да жабық тұр. Одан арғысын көріп едік, үңірейіп ашық жатыр.

«4 метрге дейін түбінде суы бар екен. Шам жағып едім, ішінде бала жатыр екен», – дейді ерікті Мақсат Біржан.

Жеткіншек құлап кеткен шұңқыр жақтан келе жатқан бетіміз. Шамамен бір линияның бойындағы мынау төртінші құдық. Әне қақпағы ашық жатыр. Түнде іздеу жүргізген еріктілер қауіпті шұңқырлардың айналасын осындай лентамен белгілеп, қоршап қойған. Мұндай қауіпті құдықтардың көптігін мына қатар әспеттеп тұрғандай. Шамамен 400-500 метрлік торап әлі бар ар жақта.

Қара жамылған отбасы көңіл айтып келіп жатқандарды қабылдауда. Марқұмның туыстары коммуналдық шаруашылық мамандарынан бөлек, полицейлерге де өкпелі екенін жеткізді. Жоғалған адамды іздеудің орнына өздерін тергей жөнелгеніне ашулы.

«Жедел елеу қызметтерін жасағанда, мұндай жағдайға жетпейтін еді. Олар келді, мен бірден айттым оларға, криминальный группаны шақырыңыздар, итпен келіңіздер, иіс алыңыздар. Сол кезде бала әлі тірі болатын ба еді. Олар жоқ, келді, кетті түнгі сағат үште келді, таңғы жетіде келді. Келіп сендер не істедіңдер? Деп өзімізден жауап алып сұрайды да», – дейді Баудәулеттің ағасы Нұржан Өмірханұлы.

Полицейлер болса, бұл айыппен келіспейді. Сөздеріне сенсек, хабар түскен бойда балабаруы мүмкін жерлер тексеріліпті. Қазір енді дерек бойынша тергеу жұмыстары басталған.

“Кәмелетке толмаған бала болғандықтан, хабар түсісісмен барлық шаралар қолданылды. Қай жерде болуы мүмкін екенін анықтау. Барлығы қолға алынып, басқа да бөлімшелердің қызметкерлері жұмылдырылып, іздеу бірден басталып кетті”, – деді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Байқағанымыз, Бақдәулет тұрған үй мен мәйіті табылған құдық арасы 100 метрдей ғана қашықтық. Ашық тұрған құдықтар аумақтағы жер үйлерге етене жақын орналасқан. Қайғылы оқиғадан соң, коммуналдық мекеме қызметкерлерінің келгенін көз шалды. Көліктердің жүк салғышында бетон қақпақтар әкелінгендей. Сырт киімдеріне қарағанда, “Суарнасы” мекемесінен келген.

Бақдәулетті іздеуге өзі оқыған мектептің ұстаздары да шығыпты. Жеткіншек оқуда озат, спортқа да жақын болған көрінеді.

«Беспен оқитын оқушымыз біздің. Олимпиадаға дайындап отырған оқушыларымыздың бірі еді. Физика пәндеріне, логика пәндеріне өте жақсы бала», – дейді мектеп мұғалімі Гүлмира Айталы.

Қапыда көз жұмған жеткіншектің денесі бүгін Таразға жөнелтілмек. Бақдәулеттің ата-анасы оны Жамбыл жерінде жерлеуді ұйғарыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр